Рухани серпін берді

Рухани серпін берді
ашық дереккөз
Рухани серпін берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында еліміздің экономикалық-әлеуметтік жолдарын айқындап берді. Қоғамның дамуында мәдениет пен руханият ерекше орын алады. Осы кезге дейін мемлекет тарапынан мәдениетке, руханияттың дамуына көп көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта да бұл саланың тасы өрге домалай беретіні анық. Жалпы, еліміздің экономикасы артқан сайын мәдениет саласына бөлінетін қаржы көлемі де еселей түспек. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы соңғы жылдары біршама жоғарылады. Бұрынғымен салыстырып қарағанда едәуір ілгерілеу бар. Бұл жолы Президент экономика, мемлекетке тартылатын инвестиция туралы көбірек мәселе қозғады. Экономиканың алға басуы руханияттың дамуына оң серпін берері анық. Президент «Келешек» бағдарламасы бойынша туған әр балаға салынатын депозит жөнінде де тоқталды. Бұл шешім мәдениет саласының қызметкерлерін де қуантып отыр. Әр балаға салынған қаржы ата-анаға үлкен көмек болары анық. Жолдауда еліміздің әр ауласын, әр отбасын дамытуға бағытталған мәселелер көп айтылды. Оның бәрі де өзекті. Демек, біз бұл Жолдау бағыттарынан көп жақсы үміт күтіп отырмыз. Мемлекет басшысы айтқан бағыттар ел экономикасының серпілуіне, сол арқылы руханият пен мәдениеттің төрге озуына серпін берері анық.  

 Кенже ПІРМАН,

Ұлбике ақын атындағы аудандық мәдениет орталығының директоры.

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар