Өкіл ата-ананың мәртебесі қандай?
Өкіл әке-шеше тағайындау дәстүрі – кейінгі замандарда орын алған сыйластықтың бір көрінісі деп білемін. Себебі, өзім оқыған әдеби кітаптарда мұндай дәстүрді кездестірмедім десе де болады. Бұл әсіресе салт-дәстүрді қатаң ұстанатын оңтүстік облыстарда жиі орын алатын жағдай. Қалай десек те жаңадан бас құрап жатқан екі жастың босағасының берік, шаңырағының биік болуына негізделген үлкендердің игі ниетінен пайда болған қамқорлықтың заманауи түрі деп білемін. Өкіл әке-шешені жігіттің ата-анасы ырымдап көпке үлгілі, көпба ла лы, елге сыйлы араласып жүрген адамдарының арасынан таңдайды. Таңдауы түскен адамдарының балаларына қамқорлық көрсетіп, жас отбасына ақыл-кеңестерін айтып отыратын парасатты ерлі-зайыптылар болуына аса мән береді. Кейбір жағдайда екі жас өкіл әке мен шешені өздері таңдау құқығына да ие болып жатады. Бірге қызмет атқарып, сыйласып жүрген абыройлы азамат пен оның әйелін өздеріне өкіл әке- шеше болуға келісімдерін сұрап, сайлайды. Үлкендер жағы жастардың шешімін қабылдаған жағдайда тойға шақырып, құрметті қонақ етеді. Өкіл әке-шеше екі жасқа неке жүзігін салып, баянды бақыт тілейді. Өкіл әке-шеше сайлаудың астарында жаңа бас құрап жатқан жастардың кейде ыдыс-аяқ сылдырлап қалған жағдайда бірден өз ата-аналарына емес, өкіл ата- аналарымен кеңесіп, үлкен кісілерге айта алмайтын кейбір жіңішке нәрселерді сол кісілермен сөйлесу арқылы да шешіп жататын кездері болады. Бұл жас шаңырақтың шайқалмай, нық тұруына өз кезегінде оң әсерін беретіні де рас.
Жоғарыда айтқанымыздай, өкіл әке-шеше елге еңбегі сіңген, айналасына абыройлы, үлгілі ерлі-зайыптылардың арасынан сайланып, жастарға өнеге көрсете алатындай деңгейде болуы да дәлелдеуді қажет етпейді. Бірақ, бақай есепке басымдық берген қоғамда кейде тойлары болып жатқан жігіт пен қалыңдықтың жастары 3-4 жас қана үлкендігі бар өкіл әке-шешелерді көріп таңғалып жататын кезіміз де аз емес. Өздері үлкен өмірге енді қадам басып жатқан, отбасылық өмірдің қызық- шыжығын бастарынан әлі өткізіп те үлгермеген жап- жас ерлі-зайыптылар жаңа бас құрап жатқан жастарға не ақыл-кеңес бере алады екен деп те ойлайсың.
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» де сек те, бақыт бақай е с епке құрылмау керектігін естен шығармағанымыз абзал. Үлкен өмірге енді қадам басып жатқан екі жасқа ата- ана деңгейінде жол сілтеп, жөн көрсете аласың ба, оған өмірлік тәжірибең мен ақыл- парасатың жете ме, келіспес бұрын осы мәселені ойлану керек сияқты.
Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді