Тоқаев Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады

Тоқаев Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады
ашық дереккөз
Тоқаев Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпованы қабылдады
Кездесуде халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін институттық деңгейде жаңғырту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Жақыповаға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқықтарына кепілдіктер мен олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді. Президент көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар секілді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен проактивті жұмыс істеу, сондай-ақ заңнама аясында олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін айтты. Президент мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешуге айрықша назар аударып, осы санатқа жататын отандастарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін заңнамалық және институттық базаны жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар