Таразда құрылыс саласында қызмет ететін жазасын өтеушілердің саны артуда

Таразда құрылыс саласында қызмет ететін жазасын өтеушілердің саны артуда
ашық дереккөз
Таразда құрылыс саласында қызмет ететін жазасын өтеушілердің саны артуда
 width=Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін азаматтарды ақылы жұмыспен қамту кезең-кезеңімен шешілуде. Мәселен, бүгінгі таңда аталған жабық мекемедегі сотты болғандардың 26-сы «Villa Строй» кәсіпкерлігінде еңбек етсе, 49 "Компания Самұрық" серіктестігіне жұмысқа орналасқан. Ал, "Запчасть" кәсіпкерлігінде - 49, "ОРЦ Тараз" мекемесінде - 6 адам қызмет етуде.   Айта кетейік, жазасын өтеушілердің "екі қолға бір күрек" табуына жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері елеулі еңбек сіңіруде. Тәртіп сақшылары жеке кәсіпкерлермен жиі-жиі кездесіп, оларды бас бостандығынан айырылған азаматтарды жұмысқа алуына лайықты ықпал етіп жүр.

Ұқсас жаңалықтар