Тамдыда жағдай тұрақты

Тамдыда жағдай тұрақты
ашық дереккөз
Тамдыда жағдай тұрақты
Талас ауданы Тамды ауылдық округінің тұрғыны ауырып тұрған танасын мал дәрігеріне көрсетпей сойып, нәтижесінде күйдіргі ауруының терідегі формасымен ауырып, екі адам ауруханаға түскен болатын. Қазіргі таңда ауырған адамдар толық емделіп, ауруханадан шықты. Тамды ауылындағы барлық қолда бар ауыл шаруашылығы жануарларына сібір жарасына қарсы вакцина егілді. Тұрғындар арасында күйдіргі ауруынан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тамды ауылдық округі әкімінің «Тамды ауылы аумағында карантин шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы» №5 шешімі шығып, соның негізінде «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» облыстық филиалы аурудың көзін жою бойынша тиісті іс-шараларды (дезинфекция, вакцинация, биоқалдықтарды санитариялық жою) жүргізіп, шектеу шаралары 21 күннен кейін тоқтатылды. Тірі мал мен мал өнімдерін тасымалдауға қойылған шектеулер 27 маусымнан бастап алынып тасталды. Қазіргі таңда Талас ауданы, оның ішінде Тамды ауылы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Адамдар мен жануарлар арасында аурулар тіркелген жоқ. Мал арасында өлім-жітімге ұшыраған мал болған жоқ. Жағдай мал дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.  

Олжас ӘСЕМБЕК,

облыс әкімдігі ветеринария басқармасы эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар