Кәсіпкерлермен байланыс нығаюда

Кәсіпкерлермен байланыс нығаюда
ашық дереккөз
Кәсіпкерлермен байланыс нығаюда
Қазіргі уақытта облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан өңір экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты жұмыс істейтін 6 салалық кеңес құрылып, өз жұмысын жүргізуде. 100 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері тіркелген салалық кеңестерінің құрамында 400-ге жуық тұрақты мүше бар. Кеңестер жанынан 3 салалық сектор құрылып, олардың төрағалары сайланған. Кеңестер қызметі кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, кейіннен мемлекеттік органдарда бизнестің ұстанымын ұсынып, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді көтереді. Биыл жыл басынан бері салалық кеңестердің 26 отырысы өткізіліп, 102 мәселе қаралған. Оның ішінде бизнес мәселелері – 40, салалық ұсыныстар – 2. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Айдар Әбдіқадыров мәлімдеді. – Салалық кеңестердің негізгі миссиясы – жергілікті атқарушы органдармен тиімді байланыс орнату, өңіраралық және ведомствоаралық үйлестіру, салалық сараптаманы шоғырландырып, бизнес құқықтарын қорғау. Бұл мақсатқа облыста кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған саясатты әзірлеуге және қолдауға белсенді қатысу арқылы қол жеткіземіз, – деді Айдар Қайнарұлы. Айдар Әбдіқадыровтың сөзіне сүйенсек, кәсіпкерлердің, қауымдастықтардың, одақтардың құзыреті мен кеңестерді жүргізу шеңберіндегі өтініштерімен жұмыстар жүргізілуде. Республикалық және өңірлік сипаттағы жүйелі проблемалық мәселелердің тізілімі тұрақты негізде қалыптастырылады. Республикалық сипаттағы тізілімде 4 мәселе болса, оның ішінде 2 мәселе өз шешімін таппақ. Жиын соңында басқарма басшысының міндетін атқарушы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.  

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар