Сапалы қызмет - басты міндет
Бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы басты бағыттың бірі, сөзсіз, денсаулық сақтау саласы екені анық. Дәлірек айтсақ, осынау әлеуметтік маңызы зор саланың дамуы, ел әлеуетінің артуына тікелей септігін тигізетін тетік саналады. Байзақ аудандық орталық ауруханасы 1976 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Ал 2023 жылдың қаңтар айында 3 қабатты, еңселі аудандық емхананың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Қазіргі кезде аудан тұрғындарына күніне 350 адам қабылдайтын емхана, 122 төсектік аурухана, 17 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункті, 19 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Ауданда жас мамандарды, әсіресе, дәрігерлерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл с айын бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, дәрігерлерді жұмысқа шақырамыз. Ағымдағы жылдың 6 айында 2 жас маман жұмысқа қабылданып, 6 айдың қорытындысы бойынша мамандарға қажеттілік 4 маманды құрап отыр.
Медициналық қызметкерлерге қойылатын басты талап – оның науқасқа адамгершілікпен қарауы. Дәрігердің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жеке қасиеттердің жиынтығы болуы керек. Ол – моральдық- этика, адалдық, әдептілік, жауапкершілік, адамгершілік, мейірімділік, сенімділік. Ақ халатты абзал жандар осындай қасиеттерге ие болуы тиіс деп есептеймін.
Ал, ең бірінші және негізгі міндет – халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту. Менің басты міндетім – адамдар зардап шекпей, толық емделуі үшін мекеме қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін қалыпты орындауын бақылау. Әрине, аудандық аурухананың кадрлық құрамын жақсарту, яғни бізге жұмысқа қажет мамандарды т арту. Одан бөлек, бізге аурухананың теңгеріміндегі барлық мекемелерді ретке келтіру қажет. Азаматтар өздеріне деген қалыпты қарым-қатынасты, сапалы медициналық көмек көрсетуді және емдеуді көріп, сезінсе, олар менің жұмысыма да, аурухана ұжымының бүкіл жұмысына да баға береді деп сенемін.
Менің ойымша, басты проблеманың бірі – кей мамандардың тапшылығы.
Атап айтсақ, құлақ, мұрын, т амақ дәрігері, жұқпа лы аурулар дәрігері, көз дәрігері және басқалар. Бұрын біз бастапқы мамандандыруды тауып, 3-6 ай бойы кез келген мамандыққа қайта даярланып келдік. Болон конвенциясына кіре отырып, қазір біз басқа мамандыққа қайта оқу үшін 2-3 жыл резидентурадан өтуіміз керек.
Жабдықтармен жабдықталу бойынша біздегі көрсеткіш 92 пайызға тең. Жаңа емхананың ашылуымен ауданға заманауи құрал-жабдықтар берілді. Атап айтқанда, компьютерлік томограф, маммограф, цифрлы рентген және флюорография аппараттары, соңғы үлгідегі УЗИ аппараты, зертхана анализаторлары және т.б. Бұның өзі, халықтың облыс орталығына бармай, өз ауданында қажетті тексерулерден өтуге мүмкіндіктер беріп отыр. Қазіргі кездегі қолданыстағы, электрондық медициналық карталардың басты артықшылығы–қолданудың ыңғайлылығы мен қарапайымдылығында деуге болады. Оларға деректерді енгізу үшін дәрігер науқасты компьютерлік бағдарламадан тауып, оның аты-жөнін іздеуі керек. Осыдан кейін ол барлық қажетті деректерді енгізіп қана қоймай, сонымен қатар кез келген уақыт аралығында пациенттің тарихын егжей-тегжейлі зерттей алады. Науқас үшін де электрондық медициналық картаны қолдану өте ыңғайлы. Ол әрдайым өзімен бірге, яғни, кез келген медициналық клиникаға қаралған кезде барлық деректері электронды медициналық картада жазылып тұрады.
Фармацевтикалық қызмет жыл сайын қарқын алуда. Дәрілік заттардың ассортименті кеңеюде, жыл сайын кейбір ауру топтары бойынша пациенттерге дәрі-дәрмектерді жеткізу жақсарып келеді. Мысалы, қант диабеті, қан қысымы, онкологиялық аурулар және басқаларды айтсақ болады.
Бүгінде Қазақстанда медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медицина лық сақтандыру. Бірінші пакетке шұғыл медициналық араласуға қатысты барлық нәрсе кіреді, оның ішінде жедел жәрдем, санитариялық авиация, бірқатар созылмалы аурулар серпініндегі бақылау, шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарды алмастыратын көмек. Сонымен қатар барлық қазақстандық азамат сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан емханаға жүгіне алады, шұғыл түрде стационарда емделе алады, сондай-ақ, әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде қажетті медициналық қызметтердің толық тізбесін ала алады.
Медициналық оңалту – тек түбіркүлезбен ауыратын науқастар үшін, ал паллиативтік көмек – оған мұқтаждардың барлығына қолжетімді. Бұл медициналық қызметтер барлық азаматқа бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетіледі. Сондықтан, бұл стандарт кепілдендірілген деп аталады. Ал екінші деңгей – медициналық көмекті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде алуға болатын МӘМС пакеті. Бұған қымбат операциялар мен медициналық қызметтер, профильді мамандардың қызметі кіреді. Медициналық сақтандыру мынадай қызметтерді қамтиды: МРТ, компьютерлік томография, ПТР-талдау.
Сондай-ақ, стационарды алмастыратын көмек, тегін емделетіндердің тізбесіне кірмейтін аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек көрсетіледі. МӘМС төлеудің артықшылығы – бұрын үлкен қаражат төлеп өтетін қызметтерді, сіз МӘМС сақтандыру шеңберінде тегін ала аласыз. Бұл өте тиімді. МӘМС пакетінің бір кемшілігі – көптеген адамның төлей а лмайтындығымен байланысты. Сол себепті, жоғарыда айтылған қызметтерді ала алмайды.
Жандос РЫСҚҰЛОВ,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді