Қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

Қоғамдық көліктер пайдалануға берілді
ашық дереккөз
Қоғамдық көліктер пайдалануға берілді
Халық үніне құлақ асу, тұрғындардың қажетін өтеу жергілікті атқарушы биліктің міндеті. Осы ретте, аудан әкімінің тұрғындармен өткізген кездесулерінде көтерілген мәселелердің шешілуі де маңызды. Бұл өз кезегінде бұқара мен биліктің арасын жақындата түседі. Арада сенім пайда болады, өзара қарым-қатынас нығаяды. Солай болуы да керек. Ауданға қарасты шалғай ауылдардағы ағайынның бір уәжі – қоғамдық көлік мәселесі еді. Бұл түйткілдің де түйіні тарқатылды. «Сеңгірбай-Аса», «Ерназар-Аса», «Шоқай-Аса» бағытында қатынайтын үш қоғамдық көлік пайдалануға берілді. Ендігі кезекте Сеңгірбай, Шайдана, Ащыбұлақ, Тастөбе, Еңбек, Рахат, Ерназар, Өрнек, Жұма, Құмтиын, Шоқай, Бірлесу-Еңбек ауылдарының тұрғындары аудан орталығы – Аса ауылына қоғамдық көлікпен қатынайтын болады. – Шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға аудан орталығына қатынау қиынға соғатын. Аудан әкімінің кездесулерінде ауыл тұрғындары осы мәселені көтеріп, талай айтқан болатын. Біз өз тарапымыздан тиісті жұмыстарды жүргізіп, қоғамдық көлік мәселесін шешіп бердік. Қозғалыс кестесін бекіттік. Кестеге сәйкес, шалғай ауылдардағы тұрғындар Аса ауылына қатынай алады, – деді аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков.  

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

журналист.

Жамбыл ауданы

Ұқсас жаңалықтар