- Advertisement -

Трактор құрастырған тұрғын

54

- Advertisement -

Бүгінде ел ішінде темірден түйін түйген өнертапқыштар баршылық. Сондай жанның бірі – Орынбасар Көбеев. Ол – темір дәнекерлеуші. Он саусағынан өнер тамған ол өз ойында жүрген идеясын жуырда жүзеге асыруды бастады.

Қолы қалт еткенде қалдық темірлерді қиюластырып, дәнекерлеп, бір айда трактор құрастырып шықты. Үй іргесіндегі шағын шаруаға ыңғайластырылған трактор көп функционалды. Жер аударып, қи шығарып, басқа да үй шаруасына жарап тұр.

Орынбасар мұнымен ғана тоқтап қалмаған. Үй шаруасына қажетті бар құрал-жабдықты жасап шыққан. Жаңа құрастырылған трактор тарта алатын ауыл шаруашылығы тіркемелерін де өз қолынан құрастырып шыққан.

– Жасап жатқан жұмысым өзіме ұнайды. Менде бір табыс тауып, байып кетейін деген ой жоқ. Не істесем де көңіліме қонған істі істеймін. Қазір керексіз болып, шашылып жатқан темір-терсек көп. Солардың басын құрап, трактор құрастыру көптен ойымда жүрген. Бүгін сол ойымды жүзеге асырып, өз шаруама пайдаланудамын, – дейді Орынбасар.

Өнертапқыш техниканың қозғалтқыштарын істен шыққан көліктерден жинастырса, кейбір қажетті заттарды базардан сатып алыпты. Бүгінгі таңда оны үй шаруасына, күл-қоқыс тазалауға пайдалануда. Орынбасар бұл техниканы құрау үшін 800 мың теңге жұмсаған. Енді жасаған жұмысының нәтижесін көруде. Жаңа техникаға қызығушылық танытып отырғандар да жоқ емес.

 

Жамбыл ауданы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support