Мемлекеттік қызметкер – кәсіби маман, ұлтжанды патриот

Мемлекеттік қызметкер – кәсіби маман, ұлтжанды патриот
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметкер – кәсіби маман, ұлтжанды патриот
Мемлекеттік қызметкерлерге қойылып отырған талап бүгінде жоғары. Сол талап үдесінен шығып жүрген саланың үздіктері кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты жиында марапатталды. Аталған салтанатты жиынды облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов ашып, мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Мемлекеттік қызмет – біле білгенге жауапты да абыройлы, жауапкершілік жүгі салмақты қызметтің бірі. Бүгінгі таңда олардың еліміздің өркендеуі мен дамуына қосып отырған үлесі зор. Әрбір мемлекеттік қызметші осы абырой биігінен көрініп, елінің, Отанының патриоты болуға тиіс. Бүгінде сол үдеден шығып, сол талап биігінен көрініп жүрген мемлекеттік қызметшілер қандай да болмасын құрметке лайық, – дей келіп, Ерболат Ибрайханов осы саланың үздіктерін марапаттады. Облыс әкімінің орынбасары бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тапсырды. Сондай- ақ, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын сала үздіктеріне табыстады. Сонымен қатар, жиынға қатысқан мемлекеттік қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы – тәртіптік комиссияның төрағасы Лесбек Ілебаев құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан ардагер, мемлекеттік қызметші Үртай Сапақова әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, өзінің 40 жылдық еңбек жолында кездескен қиындықтарын қалай еңсеріп, жетістіктерге қалай қол жеткізгенін тебірене тұрып айтып берді. Сөйтіп өткен мен қазіргі кезеңді салыстыра отырып, бүгінгі мемлекеттік қызметкер – кәсіби маман, ұлтжанды патриот болуы керек, – деп ойын түйіндеді. Бұдан кейін қызметке жаңа қабылданған Шу аудандық білім бөлімінің бас маманы Нұрбақыт Балтабай бүгінгі таңда жастарға ешқандай кедергісіз мемлекеттік қызметке тұрып, ел үшін, Отаны үшін қызмет жасауға бар мүмкіндіктің барын айтып, жастарды Отанның патриоты болуға үндеді.  

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар