«Жас қаламның» жүлдегері атанды

«Жас қаламның» жүлдегері атанды
ашық дереккөз
«Жас қаламның» жүлдегері атанды
Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен балалар әдебиетіне арналған «Жас қалам» республикалық конкурсы өтті. Аталмыш дәстүрлі шығармашылық додада «проза» аталымы бойынша жамбылдық жас жазушы Салтанат Бодықова жүлделі үшінші орынды иеленді.   Елдің тірегі, болашағы – бүгінгі жас өрендеріміз. Ал әдебиет балаларымыздың санасына сәуле шашар негізгі тәрбие құралы екені айдан анық. Әдебиет арқылы балалардың ой-өрісі, қиялы қалыптасады. Ертегі, өлең сияқты әдебиет маржандарымен сусындап өскен баладан келешекте мықты тұлғалар шығатынын болжау қиын емес. Байқаудың мақсаты – балалар әдебиетіне қалам тербеуге мүдделі қаламгерлер қатарын көбейтуге әрі балалар әдебиеті бағытындағы жаңа шығармалар легін қосу мақсатында жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ұсынылған шығармалар кітап болып жарық көреді. Сонымен қатар, жеңімпаздарға қаржылай сыйақы қарастырылған. 18-35 жас аралығындағы отандық жас дарындар бақ сынаған байқауда жеңімпаз атанған жас жазушы, Салтанат Бодықова халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының редакторы. Жерлесіміз Алматы қаласындағы «Көктөбе» саябағында балалар әдебиетінің үздік туындылар конкурсы жеңімпаздарының шығармалар жинағының тұсаукесері және конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен осылай олжалы оралды. Балалар әдебиетінің дамуына тамшыдай болса да өзіндік үлес қосып, өскелең ұрпақ талғамына сай шығарма жазған жерлесіміздің жеңісімен құттықтап, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз.  

Аяжан ОЛЖАБАЙ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика факультетінің

3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар