Маусым соңына дейін жалғасады

Маусым соңына дейін жалғасады
ашық дереккөз
Маусым соңына дейін жалғасады
Қала аумағында Тараз қаласы әкімінің қаулысына сәйкес «Зербұлақ» көлі жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген жер екені барлығына мәлім. Алайда, осы жағажайда биыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, қала аумағында барлық су айдындары тыйым салынған және жабдықталмаған болып табылады. Су айдындарында қаза болу жағдайларының негізгі себебі – балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы салдарынан және жабдықталмаған немесе тыйым салынған жерлерде шомылу, балық аулау кезінде және алкогольдік масаң күйде суға түсу болып табылады. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында өткен демалыс күндері Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаланың су айдындарында демалушылармен профилактикалық шара өткізілді. Іс-шара барысында қызметкерлер шомылуға тыйым салынған орындар туралы, қала аумағында арнайы демалыс аймақтарын белгілеу туралы, демалушылардың қауіпсіздігіне ата-аналардың тікелей жауап беретіндігі туралы ақпарат жеткізді. Айта кеткен жөн, жазғы маусымда суға кетіп қаза болу жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

   

Ұқсас жаңалықтар