Халық қаһарманын еске алды

Халық қаһарманын еске алды
ашық дереккөз
Халық қаһарманын еске алды
2021 жылы 26 тамызда облысымыздың Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде орын алған оқиға кезінде өрт сөндіру барысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, Халық қаһарманы Мейіржан Аймановты еске алу мақсатында өзі оқыған Павлодар қаласында мурал салынып, оның салтанатты түрде ашылу шарасы аясында шағын футболдан турнир өтті. 24 мамырда Халық қаһарманы Мейіржан Аймановты еске алуға арналған муралдың салтанатты ашылу шарасы қаланың Катаев көшесіндегі №46 мекенжайда өтті. Оған өрт сөндіруші батырдың туыстары, әріптестері, Павлодар облысының азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты. Содан кейін 1995-1997 жылдары Мейіржан Айманов білім алған ҚР ІІМ ҚАЖК оқу орталығында концерттік бағдарлама өтті. Сондай-ақ Халық қаһарманының туыстары мен әріптестері батырды еске алуға арналған стенд орналасқан мұражайға барып, орталық аумағына ағаштар отырғызды. Келесі күні Павлодар қаласында Халық қаһарманы Мейіржан Аймановты еске алуға арналған шағын футболдан турнир ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының 16 командасы қатысты. Олардың қатарында Жамбыл облысының құрама командасы да болып, тартысты өткен ойын нәтижесінде облыс командасы үшінші жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.  

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар