- Advertisement -

Химиктердің еңбегі елеулі

200

- Advertisement -

Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Салтанатты жиында Қанатбек Қайшыбекұлы компания қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірлік өнімнің 30 пайызы осы өндіріс орнында өндірілетінін атап өтті.

– Құрметті химия өнеркәсібі қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен облыс басшылығы тарапынан шын жүректен құттықтауымызды қабыл а лыңыздар. Ұзақ жылғы жемісті еңбектеріңіз әрі еліміздің экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бүгінде «Қазфосфатта» 6500-ден астам жергілікті тұрғын тынымсыз еңбек етуде. Атап өтерлігі, серіктестік өткен жылы мемлекеттік бюджетке 16 миллиард теңгеден астам кіріс түсірді. Осы жылдың алғашқы 4 айында мұнда 98 миллиард теңге көлемінде өнім өндірді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 28 пайызға артық. Жергілікті билік өкілдері алдағы уақытта да серіктестіктің оңтайлы шешімдеріне қолдау білдіріп, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейді. Баршаңыздың дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман және ел игілігі жолындағы жұмыстарыңыз жемісті болсын, – деген Қанатбек Мәдібек облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің атынан бірқатар қызметкерлерге Құрмет грамотасын табыстады.

Бұдан кейін сөз алған облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев өңірдің химия саласы егемен еліміздің даму және қалыптасу тарихымен тығыз байланысты екенін атап өтіп, химиктердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде мемлекеттік минералды шикізаттық қоры құрылғанын жеткізді. Ал, «Amanat» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек компания қызметкерлерінің 2 мыңға жуығы бас партияның мүшелігінде екенін атап өтті. Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил екі жыл бұрын ел игілігіне берілген «Үшбұлақ» жағалауы бүгінде шаһар тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналғанын айтып, тараздықтарға тарту жасаған «Қазфосфат» кәсіпорнының басшылығына алғысын білдірді.

Химиктер күні қарсаңында ұйымдастырылған шара соңы бірқатар үздік қызметкерлерді марапаттаумен жалғасын тапты. Атап айтқанда, бұл күні еңбек өтілі 40 жылдан асатын 22 азамат жемісті жұмысы мен көп жылдық мінсіз еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медаліне қол жеткізсе, 15 қызметкерге «Химия өнерінің үздік қызметкері» төсбелгісі табысталды. Бұдан бөлек, өзге де қызметкерлер «Химия өнеріне қосқан үлесі үшін», «Өндіріс үміті» төсбелгісімен марапатталса, 27 адамға еңбектегі жоғары көрсеткіштері мен өндірісті дамытуға қосқан үлесі үшін облыс және қала әкімдерінің, облыстық және қалалық мәслихаттың, сондай- ақ, «Amanat» партиясының Құрмет грамоталары табыс етілді.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support