Еңбекқор ерлер

Еңбекқор ерлер
ашық дереккөз
Еңбекқор ерлер
Ауылдағы інім – механизатор. Тауға шығып, отын шауып, тракторға шөп басып, түннің бір уағында үйге әрең оралады. Көмекшісі – өзінен 15 жас үлкен Беган деген көрші аға. Таңертең шай үстінде інім келінге: – Айка, шай құйшы, – десе, келінім: – Қайдағы Айка?! Мен Беган братпын ғой. Түнімен жұлқып «Беган брат, Беган брат» деп оятасың. Одан «Беган брат, мына шөпті арта салайық» деп таңға дейін мазаны аласың, – деп кейіді. – Мен ештеңе емес екенмін ғой онда. Ауылдас досым түсінде ЗИЛ-ға шөп жинап жатыр екенмін деп ойлап, қос табанын әйеліне тіреп, «Тағы бір басып жіберейік, итер-итер» деп бар күшімен қос аяқтап теуіп-теуіп, әйелін төсектен құлатып жібереді екен де, соңынан «тарт-тарт» деп төсегіне қайта тартып алады екен. Сен қайта жай ғана «Беган брат» болғаныңа қуан, – дейді інім жарқылдай күліп. Ауылдағы еңбекқор ерлер аман болсын!

Ұқсас жаңалықтар