Майдангерлер рухына мың тағзым

Майдангерлер рухына мың тағзым
ашық дереккөз
Майдангерлер рухына мың тағзым
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті. Сондай-ақ, аталған іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен бірқатар мекеме басшылары да қатысты. Бұдан соң өңір басшысы Нұржан Молдиярұлы саябақтағы Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы «Даңқ» залын аралап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Мұнда театрландырылған қойылым сахналанып, патриоттық әндер шырқалды. «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында келушілерге батыр жайлы құнды жәдігерлер таныстырылды. Шара барысында тарихи деректерге негізделген «Жамбылдық әскери құрамалар» атты жинақтың тұсауы кесілді.  

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар