Облыс әкімі ардагерлерді ардақтады

Облыс әкімі ардагерлерді ардақтады
ашық дереккөз
Облыс әкімі ардагерлерді ардақтады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жеңіс күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы бірқатар майдангерлерді құттықтады . Облыс басшысы әуелі қарт журналист, майдангер Мүтәліп Ережепбайұлының шаңырағында болса, онан кейін майдангер Владимир Колесниченконың отбасында болды . Оларға гүл және жеміс себеттері тарту етілді. Майдангерлер сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шертті. Жас ұрпаққа бейбіт өмір тіледі . Облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы майдангерлерге соғыс даласындағы Отан қорғау жолындағы ерліктері және бейбіт өмірдегі еңбектері үшін алғыс білдірді.  

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар