- Advertisement -

Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы

239

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағының 7) тармақшасын және Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы» шешімін негізге ала отырып, көп жылғы жемісті еңбегі үшін және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай:

Бекболат Жомарт Серикулы – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы,

Болысбаев Нурсултан Сейсенулы – Жамбыл облысы, Шу ауданы прокуратурасының аға прокуроры,

Кабышев Дауренбек Жандарбекович – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Мойынқұм ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,

Кайнарбаев Женис Кайратович – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы,

Краубеков Дидар Мырзахметович – Жамбыл облысы, Тараз қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры,

Курбанов Рамиль Адышевич – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Меркі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,

Торабеков Нариман Қайратұлы – Жамбыл облысы прокуратурасының қоғамның мүдделерді қорғау басқармасының экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау тобының аға прокуроры,

Түсіпов Өмірбек Даниярбекұлы – Жамбыл облысы, Тараз қаласы прокуратурасының қоғамның мүддесін қорғау бөлімінің прокуроры Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталсын.

 

Мәслихат төрағасы А.НҰРАЛИЕВ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support