Жыл басында облыс әкімі К. Көкірекбаев еліміздің бірқатар тарихшылары мен археологтарының басын қосып, кеңес құрған еді. Онда осы орында, ондаған қат жер астында жатқан I-XIX ғасырлардағы ежелгі Тараз қалашығының қазба жұмыстарын қайткенде жүйелі жүргізу мәселесі қаралған болатын. Нәтижесінде, миллиондаған қаржы бөлініп, төрт мердігер компания қазба жұмыстарына кірісіп кетті. Бүгінде біршама шаруа тиянақталып, аршылған жәдігерлер уақытша сақтауға алынған. Бұл жайында облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев бастаған бір топ археологтардың облыс журналистерімен өткізген баспасөз мәслихатында айтылды. – Қазба жұмыстары жүргізіле бастағаннан бері қала халқының аталған орынға ерекше қызығушылығын байқадым. Тұрғындардың туған жердің тарихына бей-жай қарамай, ерекше ілтипат танытуы мені таңқалдырды және қатты қуантты. Еліміздегі айтулы оқиға «ЭКСПО-2017» қарсаңында ежелгі қаламызда аспанасты музейі ашылып, мерейімізді бір асқақтатса деген ойымыз бар. Әзірге, қала халқы мен қонақтары бұл орыннан табылған 300-ге жуық жәдігерді облыстық тарихи-өлкетану музейінен тамашалай алады, – дейді мәслихатқа қатысқан «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Елеуов. Тараздың бойтұмарына айналған тарихи ескерткіштердің қатары шын мәнінде құнды, халық құрмет тұтатын орынмен толығып жатса ол біз үшін үлкен олжа.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Сот жүйесінде татуласу тәртібі қалай реттеледі?
- 14 қаңтар, 2025
Тойымыз түзеліп, асымыз астамшылықтан ада болса...
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді