- Advertisement -

ZHEIF-2023: «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары марапатталды

50

- Advertisement -

«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы шеңберінде ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының нәтижесі шығып, жеңімпаздар марапатталды.

Атап айтсақ, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша «Энерджи Тараз» ЖШС,   «Аgro green Technology» ЖШС,  «Tay-company» ЖШС марапатталса, «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясына «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС, «Korkem-ai cosmetic» ЖК, «Сарысу» ЖК ие болды.

Ал, «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына «АулиеАта-Феникс» ЖШС, «Сарыбас» ЖК, «Пышка» ЖК лайық деп табылды.

Сондай-ақ, «Made in JAMBYL» номинациясы бойынша «Talas Investment Company» ЖШС,  «Ellin shoes» және «Ас көп» компаниялары жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, биыл тоғызыншы рет Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен өткен байқауға Жамбыл облысының 150 тауар өндіруші компаниясы өз тауарларын ұсынды, оның ішінде 40 тауар өндіруші «Бір ауыл бір өнім» жобасы аясында қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support