Кітап – тарих, шежіре!

Кітап – тарих, шежіре!
ашық дереккөз
Кітап – тарих, шежіре!
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, ой-өрісін дамыту, рухани тәлім-тәрбие беру мақсатында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап – тарих, шежіре!» тақырыбында эдеби этюд өткізілді. Іс-шарада №32 және №11 орта мектептің 5-6 сынып білім алушылары өз өнерлерін көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, белсене атсалысты. Шара барысында кітаптың шығу тарихы және кітап оқудың пайдасы туралы бейнероликтер көрсетіліп, «Әріптер сөйлейді» ойыны ойнатылды. Іс-шара соңында «Кітап патшалығы» ашылмалы суретті кітап, аудио кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

Ұқсас жаңалықтар