ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалына тапсырылатын төлем балансы бойынша есептіліктердің мерзімі туралы

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалына тапсырылатын төлем балансы бойынша есептіліктердің мерзімі туралы
ашық дереккөз
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалына тапсырылатын төлем балансы бойынша есептіліктердің мерзімі туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Ұлттық Банкі: – статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады; – валюталық реттеу мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілген функцияларды орындау үшін ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы төлем балансы бойынша есептерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Төлем балансы – бұл резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы белгілі бір кезең уақытындағы экономикалық операциялардың жиынтық түрін көрсететін есеп. Төлем балансы бойынша есеп – төлем балансы бойынша статистикалық есеп, төлем балансы бойынша әкімшілік есеп. Төлем балансы бойынша әкімшілік есеп–Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына (бұдан әрі – Мониторингтеу қағидалары) және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысымен бекітілген Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – №41 қағидалары) сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша есеп. Резидент тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне (қоса алғанда) дейін капитал қозғалысы немесе шетелдік банктегі шот жөніндегі валюталық шарт үшін Мониторингтеу қағидалардың 25 және 26-тармақтарына сәйкес нысандар бойынша есептер ұсынады: – қаржылық қарызды игеру және оған қызмет көрсету туралы есеп (Мониторинг қағидаларына 3-қосымша); – инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп (Мониторинг қағидаларына 4-қосымша); – міндеттемелердің орындалуы туралы есеп (Мониторинг қағидаларына 5-қосымша); – шетелдік банктегі шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп (Мониторинг қағидаларына 6-қосымша). Филиалдардың (өкілдіктердің) тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) 41-Қағидаларға 7-тармаққа сәйкес мынадай есептерді ұсынады: – №41 Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын жобалар туралы есепті – ағымдағы жылдың бесінші сәуіріне дейін (қоса алғанда) жыл сайын; – №41 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды іске асыру туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырмасына дейін (қоса алғанда) тоқсан сайын; – №41 Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетел банктеріндегі банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырмасына дейін (қоса алғанда) тоқсан сайын; Төлем балансы бойынша статистикалық есеп – Төлем балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаудың нысаны бойынша ұсынылатын есеп. Төлем балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулар белгіленген мерзімде ұсынылады: – №1-ТБ нысаны – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей; -№№2-ТБ, 3-ТБ, 4-ТБ, 5-ТБ, 7-ТБ және 10-ТБ нысандары – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарының 2020 жылғы 24 тамыздағы №213 «Төлем балансы бойынша іріктеп тексеру жүргізу үшін іріктемелі жиынтықты қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі жыл сайын филиалына ұсынатын «Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (1-ТБ нысаны) және «Бейрезиденттермен халықаралық операциялар туралы есеп» (10-ТБ нысаны) респонденттердің тізбесін қалыптастырады. Филиалдың уәкілетті бөлімшесі төлем балансы бойынша есептерді қабылдауды қағаз жеткізгіште немесе «ҚРҰБ Веб- порталы» ААШЖ арқылы электрондық түрде жүзеге асырады. Бекітілген нысандар, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған www.nationalbank.kz Статистика → Статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары бөлімінде. Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 243-бабына, 244-бабына, 497-бабына сәйкес есептілікті ұсынбағаны, уақтылы ұсынбағаны және дұрыс ұсынбағаны үшін жауапкершілік туралы еске саламыз. Төлем балансы бойынша ұсынылатын есептілікке қатысты толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 999-348, 999-341 (ішкі.2821, 2881, 2839, 2866) немесе тікелей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалында мына мекенжай бойынша: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137, 3-қабат, каб. 302, 303, 304.  

Есенғали ДЖОЛБОЛДИЕВ,

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының бас маман-экономисі.

Ұқсас жаңалықтар