- Advertisement -

Бауыржан Момышұлына арнау

279

- Advertisement -

Ақтөбе қаласында «ӨRLEU» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы» атты оқушылар мен студенттерге арналған республикалық әдеби шығармашылық байқауының «Әдеби оқу» аталымы бойынша Шу қаласы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Әділет Алдасүгір бас жүлде иеленді. Оны байқауға дайындаған жетекшісі Мәлике Шәрәпи. Осы жүлдеге ие болған оқушының «Бауыржан Момышұлына арнау» өлеңін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Ел есінде ерлігі ер атамның,
Арқасында сол ерлер ел атанды.
Атқан таңға куә боп, батқан күнге,
Болашақ ұрпақ бүгін мен атандым.

Тарих бетін келеді парақтағым,
Жалған сөзді жаныма жаратпадым.
Батыр бабам – Бауыржан Момышұлын,
Сөз етпекпін сөзімді саралағын.

Шыр етіп жерге түскен Көлбастауда,
Жуалы жайлы мекен егін-бауға.
Шаруа отбасында өсті қарап,
Биік шыңдар – Алатау, Қаратауға.

Заманында патшаның туған екен,
Ақ патшаны қызылдар қуған екен.
Фашист ашып соғысты Советтерге,
Ел басында қиын күн туған екен.

Ортада өткен аштық бар, нәубеті бар,
Қиын қыстау, жоқшылық, өмірге іңкәр.
Алақаны аяулы ана көрмей,
Қанат қақты биікке, ұшты сұңқар.

Отан қорғау болыпты мамандығы,
Бүгінде, дәлелдепті заман мұны.
Тактикасы – Бауыржан деген айла,
Соғыста бұзып өтер қамалдыны.

Кеңестік армияның қаһарманы,
Тік мінезді, талапшыл, адал жаны.
Әр Кеңестің сол кезде солдатындай,
Арпалысты қалғанша қасық қаны.

Қызыл жұлдыз кешігіп кеудесіне,
Тағылғаны белгілі, ел есінде.
Бұрмалауға болмайды сірә оны,
Бас тартыпты талай рет сенесің бе?

Қаһарман, қайсар мінез, батыр бабам,
Ойымды айтып от болам лапылдаған.
Үлгі етер ұрпағыңбыз, өскелең біз,
Сайрап жатыр өмір жолдар, қалдырған із.

Елі үшін туған, ержүрек, панам менің,
Бір туар, ер, еліме данам дедім.
Аруақ тұтып атыңды әлпештесем,
Жетер ме екен сағынышым, саған менің.

Әділет АЛДАСҮГІР,
Д.Қонаев атындағы орта мектептің оқушысы.
Шу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support