- Advertisement -

Балаларға қамқорлық

118

- Advertisement -

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстық басқармалардың атқарып отырған қызметін және сол басқармаларға қарасты мекемелердің бір күндік тіршілігін көрсету, өңірдегі жетекші салаларда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын ақпараттандыру мақсатында 13 сәуір мен 6 қараша аралығында баспасөз турын жоспарлаған болатын.  

Баспасөз туры облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығынан басталды. БАҚ өкілдері Марал Шлыкова басқаратын аталған орталықтың жұмысымен кеңінен танысты.

Орталық 2004 жылы ашылған. 2020 жылы еңселі және кең ғимаратқа орналасып, штат пен қызмет алушы балалар саны көбейген. Қазір мұнда әлеуметтік қызметтің 7 түрі бойынша 68 балаға қызмет көрсетілуде.

Біз мұнда массаж маманы Мейрамкүл Шыныбекованы жұмыс барысынан кездестірдік. Ол арбаға таңылып келген 4 жастағы Аяжан Рысмаханбет пен 3 жасар Марья Кварцова осындағы емнен кейін өз аяғымен жүріп кеткенін айтты. Емдеу- дене шынықтыру нұсқаушысы Меруерт Әкімова мекемеде 11 жылдан бері еңбек етсе, дефектолог Ғалия Азат аяғында кемістігі бар Руслан Ашировпен жұмыс жасап жатыр екен. Бұл ретте мейірбике Айгүл Молдақасымованың да еңбегі зор.

БАҚ өкілдеріне балалар дәрігері Светлана Васильева емдеу барысындағы жұмыстарды баяндады. Мұндағы оқшаулау, егу бөлмелері қажетті жабдықтармен қамтылған. Логопед бөлмесі де талапқа сай. Логопед маман Индира Баймағанбетова 12 жылдан бері осы жұмыста. Ол қызмет алушы балаларға дыбыс шақыруға арналған құралдармен жұмыс істеуде. Ол бір баламен шамамен 15 минут жұмыс істейтінін айтты. БАҚ өкілдері әдіскер Зура Райымбердиеваның да жұмысымен танысты. Оқу бөлмесінде маман Гүлназ Мұсаева балаларға түрлі тәсілмен сабақ өтіп жатты.

Баспасөз турын облыс әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектер және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Нұрбек Алтынбеков қорытындылап: «Облыста балаларды оңалтуға арналған сегіз мекеме мен ұйым бар. Оларға қолдау көрсету – міндетіміз», деді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support