Жаңалықтар
Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады?
- author «Ақ жол»
- 4 сәуір, 2023
- 61
Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады?
2023 жылғы 3 наурыздан бастап төлем мерзімі өткен қарыздары және микрокредиттері бар азаматтар банкроттық рәсіміне өтініш бере алады. Міндетті талап – борышкердің проблемалық берешекті реттеу рәсімінен өтуі.
Қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлем мерзімі өткен жағдайда қарыз алушыларға не істеу керек?
2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың проблемалық берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Тәртіпке сәйкес, кредитор (банк немесе МҚҰ) төлем мерзімін кешіктіру басталған сәттен бастап 20 күн ішінде ол туралы қарыз алушыға хабарлауға міндетті. Хабарламада кредиттік ұйымдар азаматтарға:- кредит бойынша төлем жасау;
- қарыздың мөлшері және өтемеген жағдайда, қарыз алушы үшін салдарын көрсете отырып, мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттігі;
- қарызды қайта құрылымдау мәселесі бойынша кредиторға жүгіну туралы хабарлайды.
Дәурен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
Тараз қаласы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді