Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды
ашық дереккөз
Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Aq jol.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін оқыған. Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын тәмамдаған. 1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі. 1988–1989жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі. 1989–1992жж. – Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі. 1992–1993жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы. 1996ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы. 1996–1997жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы. 1997–1998жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі. 1998–2000жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі. 2000–2004жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі. 2004–2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі. 2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007–2008жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы. 2008–2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы. 2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы. 2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы. 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы. 2022 жылғы 19 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Ұқсас жаңалықтар