- Advertisement -

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

101

- Advertisement -

Құрметті ағайын, алқалы жұрт, көз көрген, елін емірене сүйетін қазақ жұрты! Келбеті көрікті, өркениеті өрісті ұлы даламыздың ұлы күні де келіп жетті.

Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі.

Наурыз – өкпе-назды кешіріп, дос-жаран мен ағайынға құшақ жаятын қасиетті мереке.

Айналамызға қарасақ, шұғылалы көктемнің керемет күндері келіп, мәре-сәре
тіршілік басталып кеткенін байқаймыз.

Наурыз келгенде көктемнің жылы шуағымен туған жер топырағы нұрланатыны сөзсіз. Құстардың шиқылдаған дауысын естіп, халықтың мамыражай жүзін көргенде еріксіз бойымызға қуаныш ұялайды.

Төрлет, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз! Ізгілік пен жаңару үйлесім тапқан құт ай – Наурыз айы баршаңызға мереке сыйласын. Малдарыңыз төлдеп, жұмыстарыңыз өрлеп, бойларыңызға жаңа қуат бітіп, жылдан жылға амандықпен жүздесе берейік.

Ұлыстың ұлы күнінде ақ мол, дастарқанымыз кең, бастысы – басымыз аман, деніміз сау, Отанымыз бейбіт болсын!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ,

«Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support