Әз-Наурызда Әзизханның тұсауы кесілді

Әз-Наурызда Әзизханның тұсауы кесілді
ашық дереккөз
Әз-Наурызда Әзизханның тұсауы кесілді
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасында Наурыз мерекесіне орай, халқымыздың салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Бақ-берекем, құт-берекем – әз-Наурыз» атты әдеби- сазды кеш өткізілді. Оқырмандарға Наурыз мерекесіне қатысты танымдық мәліметтер беріліп, қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – баланың тұсауын кесу рәсімі көрсетілді. Онда Әзизхан Қайрат есімді 1 жасар сәбидің тұсауы кесілді. Бүлдіршіннің тұсауын Тараз қаласындағы Шолохов атындағы кітапхананың меңгерушісі Айнаш Тасмаханбетова қиды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы балалар жыл басы жайлы өлеңдер оқып, әндер орындады. Тақырыпқа байланысты «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Наурыз тойының шығу төркіні, қазақ халқының әдет- ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамдары туралы әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Осылайша, кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттады.  

Гүлзада БӨЛЕНТАЕВА,

№4 кітапхана меңгерушісі.

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар