- Advertisement -

Батырға лайық ерлік жасады

32

- Advertisement -

Бұл оқиға туралы Нұрланның Ауған даласында бірге болған жолдасы Уәлихан Көпжасаров:

– Таңғы 7-лер шамасында Жалалабадтан Кабулға жол тарттық. Ұшы-қиыры жоқ ұзын әскери керуенмен елді бетке алдық. Бірер тәуліктен кейін таулы асуға да жеткенбіз. Бұл – өте биік, ұзын әрі қиын асу. Дұшмандар – жоғарыда, біз – төменде. Оларға бәрі алақандағыдай анық көрінеді, біздікілер тұспалдап атады. Кенет жаудың оғы дәл тиді-ау шамасы, Нұрланның бензин тасығыш көлігі отқа оранды. Машина жарылса, үлкен шығын. Әрі жол жабылады деген сөз. Ойланбастан шешім қабылдаған Нұрлан екпінмен келе жатқан көлігін құзға қарай бұра берген…

Артынша жедел төмен түсіп, алты сарбаз жанып жатқан көліктен Нұрланның денесін әрең суырып алып, нысаннан 20-25 метр қашықтай бергенде қатты жарылыс болды. Ажалымыз жоқ екен, біз аман қалдық. Өкінішке қарай, бұл кезде құздан құлаған көліктің кабинасына қатты соғылған болуы керек, Нұрланның денесі жансыз еді. Бірақ ол осынау ерлік шешіммен жүздеген адамды ажал аузынан аман алып қалды. Ерлігі Кеңес Одағының Батыры атағына лайық еді, – деп тебірене естеліктер жазды БАҚ беттерінде.

Шынында да, Нұрлан сол сәтте ерлік жасамағанда қаншама адам сол жерде қаза болып, қаншама отбасы қайғы жамылар еді. Ерлігі арқылы Нұрлан жүздеген үйге қуаныш сыйлады.

Нұрланның әкесі Амангелді Омаров редакцияға жиі келіп, баласы жайлы деректер береді. Баласының ерлігі лайықты бағаланбай жүргеніне қынжылады. Бірер жыл бұрын бірқатар белгілі азаматтар Нұрлан Омаровты «Халық Қаһарманы» атағына ұсыныпты. Жиырма жасында ерлік жасап, жүзден астам адамның өмірін сақтап қалған, өз өмірін қиған Нұрлан ол атаққа лайық деп білеміз. Батырдың әкесі д е сондай оң шешімді күтіп жүр, солай болады деп үміттенеді. Сол қуанышты күнді Нұрланның қарулас достары, Ауған соғысының ардагерлері де асыға күтіп жүр.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support