Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Бірақ, біз суға қандай құпия жасырылғанын толық біле алдық па? Заманауи құрылғылардың көмегімен судың есте сақтау жадысының әр ұяшығында 440 000 мың ақпараттық орын болатыны анықталған. Оның әрқайсысы қоршаған ортадағы өзгерістерді қай ұяшықтың қабылдап алатынына дейін бөліскен. Судың ақпарат қабылдап, жағдайға байланысты өзгеретіні туралы бір хикаяны баян етейік. 1881 жылдың қысында «Лара» кемесі кезекті сапарымен Ливерпуль қаласынан Сан – Францискоға қарай шыққан. Сапардың үшінші аптасында кемеден өрт шығып, ішіндегілер жан сақтаудың қамын жасайды. Кемені тастап шыққандардың бірі, осы естелікті жазып қалдырған капитан Нейл Керри еді. Ол өте тәжірибелі теңізші болған. Сол біліктілігінің арқасында кемені толық жанып кетуден сақтап, шала жанған күйімен жағаға қайта бұрады. Ол кезде кемедегі су таусылады. Аман қалғандарды шөл қатты қысады. Сол кездегі сәттерін еске алып, капитан кейін былай деп жазады: «Біздің шөлдегеніміз соншалық, есімізден танып қалып жаттық. Айнала толған теңіз суы. Бір уақытта теңіз суы маған тұщы су сияқты елестеді. Сосын мен суға қарап «Бұл – тұщы су!» деп қайталай бердім. Сосын қолыммен суды алып іштім. Ол тұщы болды! Құдайдың кереметі! Біз солай жан сақтадық». Константин Коротковтың зертханасы адам эмоцияларының суға қалай әсер ететінін анықтау үшін есепсіз көп сынақтар жасады. Ол әуелі, адамдарға бір стакан суға жағымды, жылы сөздер, мақтау айтқызады. Одан кейін басқа су әкеліп қояды да, оған қорқынышты, жеккөрінішті көзқараспен қарап, жағымсыз сөздер айтуды сұрайды. Бұдан кейін арнайы құрылғымен тексеріп қараса, бір жерден алынған екі ыдыстағы суда түрліше өзгерістер болған. Константин Коротков: «Махаббатпен айтылған жылы сезім, жақсы сөздер суға қуат берген. Құрылымын өзгертіп, құрамын тұрақтандырған. Ал жаман көзқарас судың құрамын тез өзгертіп жіберген. Құрамы өзгерген су қуатын жоғалтқан» дейді. Жапония зерттеушісі Эмото Масарудың зертханасында да Коротковтың тәжірибесі жасалады. Бірақ, өзгеше түрі қолданылады. Олар суды қыздырып көреді. Креогенді камера арқылы қарғанда қыздырылған қысқа толқынды пеште су жұлдызды аспан сияқты көрініс береді. Ал қалта телефонды жанына қойып, оған қоңырау шалғанда су молекулалары шашырап, жан-жаққа бытырап кетеді. Суға «рахмет» деп айтқанда, су молекуласы қар қристалындай керемет сипатқа айналады. «Сен маған қарсысың!» дегенде, су кристалы шашыраңқы, ретсіз көрінеді. Су магнитофон таспасы сияқты, не естілсе, соның бәрін жазып алып отырады. Естиді, түйсінеді, ұзақ уақыт бойында сақтайды. Бұған әбден көз жеткізбек болған ғалымдар суды әлемнің түкпір-түкпірінде сынап көреді. Жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде су – ақпарат қабылдаушы және өзіне жуық кез-келген нәрсені бойына таңбалап алатыны анықталды. Айналасында болып жатқан құбылыстардың бәрін есте сақтайды. Суға қандай да бір заттың қандай қабаттан тұратындығын біліп, оны сол бойда жадыға жазып алу үшін сол затпен жай ғана жанасуы жеткілікті. Бабаларымыз суды арнайы күміс ыдысқа құйып ішкенде оны шипалы суға айналатынын білген. Демек, судың бұл қасиеті бізге ертеден-ақ белгілі болған.
Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА elvirkz@mail.ru
Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді