- Advertisement -

Оқушылар IX-XII ғасырға тән бұйым тауып алды

86

- Advertisement -

Қаракемер ауылының екі оқушысы көне құмыра тауып алды. Археологтардың айтуынша, қола әшекейлері бар бұл жәдігер біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларына жатады. Енді мамандар тарихи олжа орнында зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Былтыр көктемде Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев төбеде ойнап жүріп, байқаусызда таңбалары мен керамикалық бұйымдары бар білезікті тауып алады. Біраз уақыттан кейін 6-сынып оқушысы Жұмабай Қасымхан қола сырғалар мен білезіктер тапты. Тарихи олжа туралы ұлдар бірден ересектерге айтып берген. Жергілікті мектепте осындай жәдігерлер қойылған бұрыш та бар.

«Мен оны достарыммен ойнап жүріп таптым. Ішінде бірнәрсе жылтырап тұрды. Кейін мен оны қазып алуға тырыстым. Қарап шықтым, қызық деп ойлап мектепке апардым», – дейді Артем Муравьев.

Ғалымдар IX ғасырда бұл жерлерді Қарлұқ қағанаты билесе, бір ғасырдан кейін Қарахандар келгенін айтады.

«Төрткүл төбесінен ауылымыздың әсем көрінісі көрінеді. Сол жерге көтеріліп, аяғымның астынан осы тарихи жәдігерді байқап, мектепке апардым»,– дейді Жұмабай Қасымхан жәдігер туралы сөз қозғап.

Бұл төбе Ұлы Жібек жолының бас тармағы болмаса да, қосалқы тармағында орналасқан «Адахнет» деген елді мекен. Археологтардың айтуынша, уақытында бұл орында сауда жақсы дамыған.

«Бұл жерде әлі зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Бірақ жергілікті тұрғындар тапқан жәдігерлерге сүйенсек, бұл елді мекен біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларында болған деп айта аламыз», – дейді тарихшы Сауран Қалиев. Мамандар құмыраның жақсы сақталғанына қарап, зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

 

 Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

журналист.

Жамбыл ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support