- Advertisement -

Ауылдарға газ келді

84

- Advertisement -

Жайлылық дегеніміз – ең әуелі, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің сапалы инфрақұрылымының болуы. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Атап айтсақ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Жуалы өндірістік филиалы облыс әкімдігімен бірлесе отырып, аудандардағы елді мекендерге табиғи газ құбырын тарту жұмысын жоспарға сәйкес атқарып келеді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Жамбыл өндірістік филиалы былтырғы міндеттемесін жоспарға сәйкес толық аяқтап отыр. Атап айтсақ, өткен жылы 5 елді мекенге 24,725 шақырымды құрайтын кварталішілік табиғи газ кіргізу жұмыстары атқарылып, бүгінгі таңда Қаратас, Рысбек батыр, Қызтоған мен Ақтасты ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталған.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны – құрылыс саласы. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. Атап айтсақ, бұған дейін Жуалы ауданындағы 49 елді мекеннің 31-і ғана табиғи газ жүйесімен қамтылған болатын. Көгілдір отын жүргізілмей қалған 13 елді мекенге газ құбырын жеткізу үшін жобалық-сметалық құжаты 2017 жылы әзірленіп, 2019 жылы магистральды газ құбырының құрылыс жұмысы басталып кеткен еді. Сөйтіп, бүгінгі таңда көгілдір отынмен қамтылған елді мекен саны 44-ке жетті, – дейді аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жатқанбаев.

Оның айтуынша, аудандағы 49 елді мекенде 10134 аула болса, бүгінгі таңда оның 44-іне газ құбыры тартылып, 9638 аула көгілдір отынның игілігін көріп отыр екен. Сол ауланың 9197-сі үйін газ құрылғыларымен жылытуда. Яғни табиғи газ жеткізілген ауылдағы халықтың 89,7 пайызы көгілдір отынның игілігін көруде.

– Өткен жылы бес елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оған бөлінген қаржы көлемі 177 миллион теңгені құрады. Бұл қаржыға 25 шақырым ауылішілік газ құбыры тартылды. Сөйтіп төрт ауыл көгілдір отынға қосылды. Олар Қаратас, Рысбек батыр, Қызтоған және Ақтасты ауылдары. Жобадағы Қошқарата ауылы 2023 жылға өтпелі. Қошқаратаны қосқандағы жобалық-сметалық құжаттамада көзделген жалпы қаражат 237 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражаттың 177 миллион теңгесі игерілсе, қалған қаржы осы жылға өтпелі болғандықтан, биыл игеріліп, ауыл табиғи газға қосылатын болады, – дейді бөлім басшысы.

Осы жұмыстардың қорытындысымен табиғи газбен қамтудың үлесі 45 елдімекенге жетіп, ол тұтыну көрсеткішін 91,8 пайызға арттырмақ. Яғни 9697 аула газ тұтынса, ол 96,8 пайызды құрап 51563 тұрғын, бір сөзбен айтқанда, аудан халқының 97,1 пайызы табиғи газдың игілігін көрмек. Ал жаңадан газ кіріп жатқан елді мекендердегі тұрғын үйді газға қосу және ошағына орнатылуын қоса есептегендегі бір отбасына түсетін шығыны орта есеппен 400 мың теңгені құрайды. Оның 160 мың теңгесі газ кіргізуге, 240 мың теңгесі ошағына орнатуға жұмсалады екен.

– Қазіргі таңда Қаратас, Рысбек батыр, Ақтасты, Қызтоған елді мекендерінде тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде. Онда екі-үш бригада уақытпен санаспай жұмыс істеуде, – дейді аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жатқанбаев.

Енді ауданда қалып отырғаны – 4 елді мекен. Бұл ауданның солтүстік шығысында, Талас және Жамбыл аудандарымен шектесіп жатқан Билікөл өңірі. Онда Қарабастау, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ пен Дарбаза ауылдары орналасқан. «Жалпы аудандағы қалған елді мекендерді 2025 жылға дейін көгілдір отынмен қамтуды жоспарлап отырмыз. Билікөл өңіріндегі төрт елді мекенге кварталішілік газ құбырын тарту үшін жалпы құны 307 миллион теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда магистральды газ тарту желілері мемлекеттік сараптамадан өткізілуде және аталған елді мекендерді 2025 жылға дейін газбен қамту жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудандағы елді мекендерді 100 пайыз табиғи газбен қамту көзделген», дейді бөлім басшысы Қ.Жатқанбаев.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Жуалы ауданы

Суреттерді түсірген

Ақәділ РЫСМАХАН.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support