Дұрыс тамақтану аурудың алдын алады
Бүгінде ел ішінде зоб, яғни жемсау дертінің таралуы, көбеюі белең алып келеді. Бұл ауру қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойынның жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондар не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауруға адам түрлі жағдайда тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен душар болады. Күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбау да өз әсерін тигізеді.
Жемсаудың салдарынан науқастың есте сақтау қабілеті төмендейді. Депрессияға түсіп, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеуі, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосып немесе салмақ тастайды. Кейде тіпті беті домаланып, өңі қашып кетеді.
– Йод тапшылығынан адам зоб ауруына шалдығады. Бұл дерттің белгілері байқалған жағдайда алдын ала диагноз қойылып, бала дәрігердің тағайындауымен емделсе, толық жазылып кетеді. Үлкендер де дер кезінде медициналық тексерістен өтіп тұруға тиіс. Қазіргі салауатты өмір салтын қолдап, дұрыс тамақтанып, әсіресе құрамында йоды бар тағамдарды пайдаланғандар зоб ауруының алдын алады. Қазір емханада мектеп жасындағы балалардың барлығы медициналық тұрғыда тексеруден өтіп, оның ішінде эндокринологтың да қадағалауында болады. Бұл жас балалардың зоб дертіне шалдығуының алдын алу үшін тиімді. Йод ташылығын анықтағанда міндетті түрде бағыт- бағдар беріп, ем-дом қолданып, жазылып шығуына ықпал етіп, дәрігерлік кеңес беріп тұрамыз, – дейді дәрігер эндокринолог Эльмира Ағабаева.
Ұйқыға жатар кезде табанға йод жағып, мақта матадан тігілген шұлық киіп жатқан дұрыс. Түнімен йод өкшеге сіңіп, зоб ауруын емдейді. Алғашында йод бірден сіңіп кетеді. Егер адам емді үзбей жасап тұрса, уақыт өте келе йод қалай жақса, сол қалпында тұратын болады. Бұл зобтың жазылғанынан хабар береді.
Негізі зобтың түрі көп. Соның ішіндегі көп тарағаны – эндемиялық зоб. Зобтың 3 сатысы бар:
- Қалқанша безі көрінбейді, сипалағанда сезілмейді.
- Қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипағанда сезіледі.
- Қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді