Саясат
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет – ҚР Президенті
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2022
- 248
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет – ҚР Президенті
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында одан әрі атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет. Негізі, бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті. Петропавлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ. Ал жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар. Ал құзырлы мемлекеттік орган – Энергетика министрлігінің ешқандай әрекетін көрген жоқпыз, бұл мекеме апатқа селқос қарап, бейтараптық танытты. Сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Олар баяу қимылдап, салғырттық танытты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігі жанындағы арнайы комиссия шаралар кешенін әзірлегенін атап өтті.
«Соған сәйкес бақылау-қадағалау тетігін күшейтіп, меншік иелерінің жауапкершілігін және жалпы саланың тиімділігін арттыру қажет. Комиссия дұрыс жұмыс істемей тұрған 19 жылу электр орталығын анықтады. Оларды шұғыл жаңғырту қажет. Алдын ала есеп бойынша оған шамамен 90 миллиард теңге керек. Бұл қаражат, әрине, энергетикалық кәсіпорындардың тарифтік сметасында ескерілгені жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің айтуынша, тариф саясатының дұрыс жүргізілмеуі – соның басты себебінің бірі. Осы саясат табиғи монополия қызметтерінің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл қызметтің тегін болмайтыны түсінікті. Нысандарды күтіп ұстауға және жаңғыртуға қажетті қаражат тариф есебінен бөлінуі керек. Бизнестен шығынға батып жұмыс істе деп талап ету орынсыз. Әр нәрсе жөнімен жасалуға тиіс. Бірақ нақты әрі нәтижелі жұмыс әлі атқарылмай отыр.
«Жаңа тариф саясатының ережелері бекітілген жоқ. Тарифтерді қарастыру және келісу үдерісі жабық есік жағдайында өтеді. Табиғи монополия субъектілерінің міндеттемелерді орындау тәртібін тиісті деңгейде қадағалау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді