- Advertisement -

Басты мақсат- ел мүддесін қорғау

103

- Advertisement -

Күні кеше ғана елімізде президент сайлауы өткен болатын. Биылғы науқан бұрынғы сайлауларға өте ұқсас: бұл жолы да кезектен тыс өтуде. Әрине, мемлекетімізде өткен сайлау баршамызға ортақ әрі биліктің дұрыс орнауына себепші. Сайлау барысында әр кандидаттың өзінің ұсынған,яғни халыққа өз тараптарынан уәде берген еді. Барлығыныңда көкейлеріндегі басты мақсаттары халықпен бірге болу, қандай да бір қиындық болсын бұқарамен бірге шешу болып табылады.

Сайлаудың басты мақсаты- ел мүддесін қорғау, мемлекетті басқаруда нақты да адамгершілігі бар адамның билікке келуін қадағалау және де сайлауға барлық мемлекет азаматтары ат салысып қатысулары шарт. Халықтың нағыз, шынайы дауыстары елдің бұлыңғырт бейнесін ашуға өз септігін сайлау арқылы тигізеді.

Сайлаудың басты міндеттерінің бірі — қағидалардың дұрыс орындалуы. Яғни әр тұлғаның дауысының өз тарапынан берілуі міндетті. Дауыс беру кезінде заң талаптарын бұзу секілді нормалардан шектен тыс шықпау керек.

Республиканың әр азаматы сайлауға қатысуға міндетті. Ел халықтан тұрады, халық болып қалыптасу үшін әділ де халық жағында болатын, халықтың мұң-мұқтажын түсінетін нағыз патриот азамат болуы керек және де ел ішінде ғана емес, мемлекет аралық келіссөздерді емін-еркін жүргізе алу ел қауіпсіздігі үшін әр кез болсын маңызды.

Сонымен қатар, ел Президентін таңдау мүмкіндігі Қазақстан азаматтарына енді жеті жылда бір рет берілетін болады, сондықтан сайлауға қатысу мүмкіндігін елемеу ақылға қонымсыз. Елдің болашағы мен өз балаларына деген немқұрайлылықтан жаман ештеңе жоқ. Өзінің әлеуметтік ұстанымын жариялаудың барлық мүмкіндігін пайдалану қажет. Бюллетеньнің одан әрі тағдыры адамның қоғамның мүшесі екенін түсінуі және саналы таңдау жасауы сияқты маңызды емес.

Сонымен орталық сайлау коммисиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтің аса басымдылықпен дауыс беру нәтижесінде сайлауда жеңіске жеткенін хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына артар үмітіміз бен сеніміміз шексіз. Халықтың қамын ойлайтын игі тұлғалардың бірі Тоқаев мырзаның халыққа деген үміті арқасында, қазақ халқының рухы бір көтерілді десек те болады.Сайлаудың қоғам және мемлекеттің ары қарай қалыптасып, сабақтасуына беретін мүмкіндіктерін көре аламыз.

Ел қамын ойлар президент сайлауына ұлтының болашағына бей-жай қарамайтын Қазақ ұлттық университеті ұжымы белсене қатысты. Университет ішінде дауыс беретін №258, №259 және №568 сайлау учаскелері жұмыс істеді. Онда бекітілген тізім бойынша жергілікті тұрғындар мен ҚазҰУ оқытушылары, сондай-ақ студенттер саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасады.

Қорыта келе, сайлауға елінің болашағын ойлайтын азаматтар ат салысулары қажет және сайлаудың маңыздылығын түсінген әр адам баласына сайлау тікелей қатысты болып табылады.

 

Е.Ж. Усипбекова, Б.С. Бакирова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті

физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support