Ереванда ҰҚШҰ саммиті өтеді: Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде

38

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммитіне қатысады деп күтілуде.

Бүгін, 23 қарашада Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) отырысы өтеді.

«Шараға Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысады деп күтіліп отыр», — делінген хабарламада.

Сессия барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы қабылданады.

Comments are closed.