Астанада құрылыс алаңында өрт шықты

17

Астанада Нұрлыжол бульварындағы (екінші атауы сулы-жасыл) құрылыс алаңында контейнер өртенді.

ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 150 шаршы метр.

«23 қарашада, сағат 00:59-да Есіл ауданындағы Қонаев көшесі бойындағы құрылыс контейнерлерінен әкімшілік ғимарат өртенді. 20 адам мен 4 техника жұмыс істеді», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт 01:49-да оқшауланып, 02:03-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Comments are closed.