Уәкілдердің есептері тыңдалды

Уәкілдердің есептері тыңдалды
ашық дереккөз
Уәкілдердің есептері тыңдалды
Облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтіп, онда жалпы 10 мәселе қаралды. Алдымен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаментінің, Қордай және Жамбыл аудандары әкімі аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есептері тыңдалды. Одан бөлек, Мойынқұм, Жуалы және Жамбыл аудандары әкімі аппараттарының бірыңғай тәртіптік комиссияларында 2021 жылы және биыл 9 айда атқарылған жұмыстар туралы комиссия төрағаларының есептері тыңдалды. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінде және Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы осы мемлекеттік орган басшылары есеп берді. Сондай-ақ 2022 жылдың 9 айында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне қатысты жағымсыз жарияланымдарға жүргізілген мониторинг және облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының атқарылған жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындылары қаралды. Жоғарыда аталған сұрақтарды қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті ұсынымдар енгізді.  

«Aq jol»-Aqparat».

 

Ұқсас жаңалықтар