Тараз

Тараз
ашық дереккөз
Тараз

Облысымыздың ұстаздары жуырда Павлодар қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік психологы» байқауынан олжамен оралды. Атап айтқанда, жамбылдық педагог-психологтар Айман Аманқұлова (Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінен) бірінші, Ғалымжан Салықбаев (Т.Рысқұлов ауданы, Қызылшаруа шағын орталықты орта мектебінен) пен Гауһар Қазыбаева (Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінен) екінші, Күлбадан Ералиева (Тараз қаласы, №47 орта мектебінен) «Үздік портфолио» аталымы бойынша жүлделі орындарды иеленді.

Ұқсас жаңалықтар