- Advertisement -

Байқаушылар тізімін жасады

76

- Advertisement -

Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы ел Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен 5 өңірді аралады. Іссапарлар барысында студенттер, ұстаздар, дәрігерлер, өндіріс орындарының жұмысшылары, кәсіподақ өкілдерімен кездесті.

Жексенбі күні кандидат Батыс өңіріне жолға шықты. Ал штаб өкілдері сайлаудың әділ өтуін бақылайтын байқаушылар тізімін жасауда. Әзірге әр аймақтан 30 шақты азамат белгіленген. Қазір оларды оқыту мәселесі қаралып жатыр. Мейрам Қажыкенді қолдау аясында 14 өңірде арнайы штаб ашылып, 150-ге жуық сенімді өкіл жұмыс істеуде.

Галина Казанцева, облыстық штаб басшысы:

– Мен халықты өзінің азаматтық таңдауын жасауға шақырғым келеді. 20 қарашада сайлау пунктіне барып, әр адам өз таңдауын жасауы керек. Өйткені бұл еліміз, болашақ үшін ең маңызды сәт.

Мейрам Қажыкен Ұлытау облысында 18 қарашаға дейін бірқатар кездесу жоспарлап отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support