- Advertisement -

Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды

200

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтті.

Жиынды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, семинардың жұмысына Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман, ОСК- ның бөлім меңгерушісі Түсіп Рыспеков, облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, Тараз қаласындағы учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, прокуратура, құқық қорғау органдарының, партиялық емес байқау орталығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов сайлаушылар тізімі бойынша жергілікті атқарушы органның атқарған жұмысы, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін және мүгедек адамдар үшін дауыс беру шарттарын қамтамасыз ету жайлы, жергілікті полиция департаменті қызмет басқармасының бастығы Манас Абдикаримов дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін күзету және жеткізу, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман жиынға қатысушыларды 2022 жылы 20 қарашада өтетін Президенттің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу ерекшеліктері туралы хабардар етіп, семинар-кеңестің жұмысын қорытындылады.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support