- Advertisement -

Абыз ақсақалға құрмет

92

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Aq jol» газетінің ардагері, 94 жастағы Баттал Жаңабайұлының шаңырағына барып, абыз ақсақалмен амандасып, Республика күні мерекесімен және басылымның 100 жылдығымен құттықтады. Баттал атаға оқалы шапан, жары Фарида апайға зерделі камзол жапты.

Жиырма бір жыл «Aq jol» газетінің бас редакторы болып еңбек еткен Баттал атамызға көрсетілген бұл құрмет бүкіл журналистикаға көрсетілген құрмет екені анық. Дастарқан басында ел мәселесімен қатар, «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы да әңгіме болды.

Баттал Жаңабайұлы облыс басшысына батасын беріп, ризашылығын білдірді.

 

 «Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support