- Advertisement -

«Қызыл жебе» романының қолжазбасы табылды

434

- Advertisement -

Шерхан Мұртазаның бес томнан тұратын «Қызыл жебе» романы халқымыздың біртуар ұлы – Тұрар Рысқұловтың күрескерлік өмір жолына арналғаны белгілі. Роман жазылды, ел тұшынып, тамсанып оқыды.

 

 Бірақ ешкім ол романның қалай жанқиярлық еңбекпен, тынымсыз ізденіспен жазылғанын ойлаған да жоқ. Шерағаң өзі азаптанып роман жазып, оның рахатын оқырманы көрді. Белгілі жазушы, облыстық мемлекеттік архивтің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы жақында Тұрар Рысқұловқа арналған сол роман- эпопеяның қолжазбасы табылғанын әлеуметтік желі арқылы қуана хабарлады. «Қызыл жебе» осылай туған» деген тақырып талайдың назарын аударғаны анық.

Біз Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романын жиырма жылдан астам уақыт бойы жазғанын білеміз. Тіпті архивтегі шаң басқан мәліметтерді аршып алуына да талай-талай уақыттары кеткені жасырын емес. Сондықтан «Қызыл жебе» кітабының қолжазбасы біз үшін өте қымбат. Осы орайда Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Руханият және тарихтану» орталығы Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамароваға да арнайы хабарласқан едік.

Ол: « Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» эпопеясына қатысты бірнеше деректер бар. Жазушы «Қызыл жебе» романын жазу барысында Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа кіріп, тарихи архивтердің аса құпия мәлімет сақталған бөлімдерінен мәліметтер іздеуге рұқсат алған екен. Қазіргі таңда аталған роман жайлы Шерхан Мұртазаұлының өз қолымен жазған екі қалың қызыл дәптер табылып отыр.

Оның бірі 1974 жылы, екіншісі 1978 жылы жазылып, сақталған екен. Қаламгердің таза өз қолымен жазған дүниесі. Тіпті көз алдыңа саусағының іздері келетіндей. Одан бөлек күнделік жанрына ұқсас тағы бір дәптер табылыпты. Онда Шерхан Мұртазаның Ташкент қаласындағы архивте, Алматыдағы орталық архивте, Жамбыл облыстық архивінде ізденгені, Тұрар Рысқұловтың өміріне қатысты деректер қарастырғаны жазылған. Бір сөзбен айтқанда «Қызыл жебе» романының бастауынан, жазушының ой –қиялы қағазға түскен сәттен хабар береді», деді.

«Қызыл жебе» романын оқымаған адам жоқтың қасы болар. Ол болашаққа да еш маңызын жоймай жол тарта беретін шығарма. А л Шерхан Мұртазаның өз қолымен жазылған қолжазбасы да құндылығын жоймақ емес. Себебі ол жерде Шерхан Мұртазаның шынайы болмысы жатыр.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support