- Advertisement -

Жастар бір мезгілде Әнұран орындады

123

- Advertisement -

Республикалық «Менің Әнұраным» акциясы шеңберінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері жаппай еліміздің мемлекеттік Әнұранын шырқады. Студенттер жаңа оқу аптасын патриоттық рухта еліміздің Әнұранын орындаумен бастады.

Патриоттық акция 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылды. Қайта жаңғырып, мемлекеттік мерекелер тізіміне енген айтулы күннің қарсаңында Дулати университетінде студенттер бірқатар мәні жоғары іс-шаралар өткізуді жоспарлаған. «Менің Әнұраным» акциясы – солардың ішінде ауқымы жағынан жастардың ең көп аудиториясын жинаған іс-шараның бірі.

«13 жыл аталмай кеткен Республика күні ұлттық мереке ретінде қайта оралды. Осыған орай университетімізде Әнұранды бірге орындау рәсімін өткіздік. Бір күн бұрын ерікті жастарды акцияны қолдауға шақыру бойынша хабарландыру таратқан болатынбыз.

Бүгін міне, нағыз патриот жастар жиналды. Гимн шырқалғанда олардың жанарларынан ерекше рухты, Отанға деген мақтанышты байқадық. Әнұранымыз әр жүректе жатталып, бейбіт еліміздің, өркениетті мемлекетіміздің белгісі болсын», – дейді Дулати университеті Ақпарат және медиакоммуникация орталығының директоры Бағлан Батырбек.

Студенттер патриоттық акцияны өткізуде ерекшеленуге тырысты. Бірі – қолына ту ұстап келсе, енді бірі көк байрақтың бейнесін беттеріне сурет етіп салып, креативтілік танытты.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support