- Advertisement -

Жасөспірімдер кітап әлемімен танысты

38

- Advertisement -

Балалар жылы аясында Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітап – алтын қазына» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шараны аталған кітапхананың ақпараттық-библиография секторының меңгерушісі Гүлсім Мамырова жүргізді.

Кездесуге бірқатар қаламгерлер және Тараз қаласындағы №20 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Әуелі Гүлсім Мамырова оқушыларға библиография және библиограф ұғымдары жөнінде түсінік беріп өтті. Мұнан соң оқушылар екі топқа бөлініп, сиқырлы әріптермен сөз құрастырды. Әріптерді қатар қою арқылы «Газет», «Кітапхана», «Библиограф» деген сөздер шықты.

Бұл ретте Марғұлан Махамеджан басқаратын «Достық» тобы жеңіске жетті. Топтың құрамында Айбар Бекен, Аленура Сағындық, Фархат Жарқынбек секілді белсенді оқушылар болды. Ал «Сұраққа жауап» кезеңінде Нұрислам Төребеков басқаратын «Ынтымақ» тобы басым болды. Бұл топтың жеңісіне Ұлжан Еркін, Жанел Бертай, Бегайым Ермекбаева деген оқушылар белсенді үлес қосты. Олар ел Тәуелсіздігіне қатысты, танымал жазушылардың шығармаларына қатысты сұрақтарға сапалы жауап берді.

Кездесуде оқушы Марғұлан Махамеджан «Мен қазақтың ұлымын» атты патриоттық әнді шырқады. Оқушылар кітапхананы аралап, газет-журналдардағы мақалалардың қалай сақаталатынымен танысты. Іс-шара барысында Тараз қаласындағы №20 орта мектептің мұғалімі Құрманкүл Есалиева кітапханадан оқушылардың үлкен әсер алғанын айтты. Аталған кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова іс-шараны қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.

 

Жанат ӘУЕЛЕВА,

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиография секторының кітапханашысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support