«Педагог» кәсіби стандарты жобасының негізгі сипаттамалары талқыланды

«Педагог» кәсіби стандарты жобасының негізгі сипаттамалары талқыланды
ашық дереккөз
«Педагог» кәсіби стандарты жобасының негізгі сипаттамалары талқыланды
Бүгінгі интерактивті сағатқа «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының» директоры Сұлушаш Сәтбекқызы, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Бекболатұлы, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинет мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. «Педагогтың» кәсіби стандартының негізгі сипаттамаларымен таныстыру, талқылау мақсатында өткізілген жиын барысында қатысушылар кәсіби стандартта көрсетілген педагогтың білімділік, тәрбиелік, әдістемелік, зерттеушілік, әлеуметтік, коммуникативтік 5 еңбек функциясы туралы ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Кәсіби стандарттарды білу педагогтар үшін маңызды болғандықтан, алдағы уақытта педагогикалық еңбек сапасының нормалары мен критерийлері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстелдер мен вебинарлар ұйымдастырылатын болады.

Бейқұт Жамангозов,

Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы 

Ұқсас жаңалықтар