- Advertisement -

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

73

- Advertisement -

«Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту жұмысын жалғастырамыз. Бала туылған кезде Қазақстан азаматтарына жәрдемақы ресімдеу үшін SMS-хабарлама мен баланың туу туралы куәлігін ресімдеу бойынша өтініш келеді. Енді куәлікті kaspi қосымшасында ресімдеуге мүмкіндік пайда болды», — деді министр Б. Мусин.

Туу туралы куәлік алуға өтінімді тура kaspi қосымшасында беруге болады. Өтінімде баланың есімі мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдауыңыз керек.

Өтінім берген кезде ата-ана kaspi қосымшасында бейнеанықтау рәсімінен өтуі қажет. Бұл құжаттарыңызға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеу үшін жасалды.

Мемлекеттік органдар өтінімді екі күннің ішінде қарастырады. Куәлік Каспи қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады. Сондай-ақ құжатты өзіңіз таңдаған ХҚКО-дан ыңғайлы уақытта алып кете аласыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support