Ана болмысы – мәңгілік бейне

Ана болмысы – мәңгілік бейне
ашық дереккөз
Ана болмысы – мәңгілік бейне
Осыдан бір ай уақыт бұрын «Анаға тағзым» орталығы жариялаған «Ай мен Айша» жас қылқалам шеберлерінің байқауы өз мәресіне жетті. Әдебиет пен көркем өнерді ұштастыра білген жарысқа 150-ге жуық жас суретші қатысып, үздік картина иелері марапатталды. Орталықтың ауласында барлық жұмыстар халық назарына ұсынылды.

 width=

Балалар жылының аясында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың марапаттау рәсімі ашық аспан астында ұйымдастырылды. Жарыстың ережесіне сәйкес, қатысушылар Шер-ағаңның ардақты анасына сөзбен қойған ескерткіші – «Ай мен Айша» романын оқып, әйел-ана образын қылқаламмен бейнелеуі тиіс болатын. Олар тек сурет салып қана қоймай, көркем сөздің қайнарынан қанып ішіп, Айша ананың тағдырын таныды. 20-ғасырда қазақ халқының басынан кешкен зұлмат жылдарын көз алдынан өткізді. Қиындыққа қайыспайтын қазақ анасының қайсарлығын, төзімділігін үлгі етті. Облыстың 8 ауданы мен Тараз қаласынан қатысқан жас суретшілерді қазылар жас ерекшеліктеріне қарай бағалады. Бұған дейін «Анаға тағзым» орталығы «Анаға сәлем», «Анаммен бірге кітап оқимын», облыстық «Пай- пай, қазақтың келіндері-ай», «Менің енем жақсы адам» және «Киелі кимешек» облыстық жас тігіншілер байқауын ұйымдастырған болатын. Ал бұл байқауда орталық рухани әлемнің қос шырағы – әдебиет пен бейнелеу өнерін біріктіріп отыр. Басқосуды ашып берген Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бақдәулет Сариев үміткерлерге әдебиетпен сусындаудың маңызын айта келе, үміткерлерге сәттілік тіледі. Шара барысында айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов арнау айтса, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нұржан Қадірәлі Шерхан Мұртазаға арнау өлеңін оқыды. Ал байқауға Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Жуалы, Талас, Сарысу, Қордай аудандары мен Тараз қаласынан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Халықаралық Тараз инновациялық институты, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, Оқушылар сарайынан, мектептерден, балалар өнер мектебінен, «ART studio», «Тұмар» мен «Дарын» мектеп-лицейінен, «Анаға тағзым» орталығының «Сырлы әлем» бейнелеу өнер үйірмесінен кіл мықтылар қатысты. 18 жүлделі және 15 номинациялық орындар белгіленіп, жеңімпаздарға қала әкімінің атынан дипломдар мен алғыс хаттар, сондай-ақ ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айсана НҰРБАП

Ұқсас жаңалықтар