- Advertisement -

Тағайындау

329

- Advertisement -

2022 жылдың 12 қыркүйектегі конкурстық комиссияның шешімімен (№4 хаттама) Жамбыл облыстық мәслихатының аппарат басшысы бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Қасымов Рүстем Қалмұхамбет-ұлының кандидатурасы ұсынылып, Жамбыл облысының мәслихат хатшысының 20 қыркүйектегі №51 өкімімен аппарат басшысы болып тағайындалды.

Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы, 1980 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген.

2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл политехникалық колледжінің технологиялық пәндер оқытушысы болып бастап, 2002-2006 жылдары Тараз политехникалық колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, 2006-2008 жылдары колледждің атқарушы директоры, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 2009-2010 жылдары облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, 2010-2011 ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2011-2012 ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2015 жылдары аппарат басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2018-2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ директоры лауазымында болып, 26.06.2020 жылдан бастап «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, кейіннен «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы қызметтерін атқарды. 2021 жылдан Жамбыл аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support