- Advertisement -

ЕҚДБ Қазақстанда жаңа экономикалық реформаларды іске асыруды қолдайды

23

- Advertisement -

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пиюмен кездескен болатын.

Тараптар ЕҚДБ-ның Қазақстандағы жаңа экономикалық реформаларды жүргізуге қатысу мәселелерін, 2023 жылға арналған инвестициялар мен өзара іс-қимыл жоспарларын, сондай-ақ алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Әлихан Смайылов 30 жылдың ішінде ЕҚДБ-мен бірлесіп экономиканың түрлі салаларында $10 млрд-тан астам сомаға 300- ге жуық жоба іске асырылғанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта Үкімет Мемлекет басшысы белгілеген экономиканы сапалы жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіп жатыр. Нәтижесінде азаматтарымыздың әл-ауқатының айтарлықтай өсуі қамтамасыз етілуі тиіс, сондықтан біз ЕҚДБ-ның осы бағытқа қатысып, қолдау көрсетуін қолдаймыз», – деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Алан Пию Қазақстанда қазіргі жобаларды жалғастыру және жаңа жобаларды іске қосу ЕҚДБ басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстан ЕҚДБ-ға 100% сенім арта алады. Сондай-ақ біз елге 2060 жылға қарай экономиканы декарбонизациялауға қол жеткізуге көмектесуге мүдделіміз. Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға көшіруді осы бағыттағы флагмандық жоба деп санаймыз. Бұл – ірі және маңызды жоба, біз оған қомақты қаражат салуды жоспарлап отырмыз», – деді Алан Пию.

Сонымен қатар ол Банктің Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуды және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

«Қазақстан Үкіметі өз тарапынан көп іс атқаруда, сондықтан біз әлдеқайда ірі жобаларды әзірлеп, іске асыруға дайынбыз», – деп атап өтті Алан Пию.
Кездесуді қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Үкіметтің Банкпен барлық бағыттар бойынша өзара тиімді іс-қимылды арттыруға мүдделі екенін айтты.

 

primeminister.kz.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support